Бортсерік жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты

Ryanair лоукостерінің бұрынғы бортсерігі жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты. Фиона Муллинсон ең жанжалды лоукостердің рейстерінде ұзақ уақыт жұмыс істеген және MailOnline сайтына бұл сұрақты жиі еститініне сендірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, саяхатшылар көбінесе "бірінші класқа көтерілу мүмкін бе" деген сұрақ қояды. Мәселе мынада, Ryanair, жоғарыда айтылғандай, арзан әуекомпаниясы, яғни бюджеті төмен әуекомпания. Сондықтан онда бірінші кластағы орындар жоқ. Біршама жайлылықты қалайтындар үшін кеңдеу орындар бар және олар үшін қосымша ақы төлеу керек.

Ол жолаушылар мұндай сұрақты әдейі қоятынын айтады. Бірақ әрбір екінші рейс сайын қайталанған кезде - мұндай әзілден шаршайды. Дегенмен Фиона да "бізде бәрі бірінші класс" деп әзілмен жауап қайтаратын болған.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.