Ұшу кезінде көптеген турист шамадан тыс белсенді, қызығушылық танытатын және көңілді кішкентай жолаушылардан аулақ болуды ойлайды. Reddit форумында баланың жанынан орын алмау туралы инсайдерлік ақпаратты British Airways әуекомпаниясының бұрынғы бортсерігі Сэм бөлісті.
Мұндай жағдайда қысқа қашықтықтағы рейстер аз проблема тудырса, ұзақ қашықтықтағы рейстер туристер үшін қиынға соғады. Сонымен қатар, бортсерік ұшақтағы барлық орын бірдей емес екенін ескертті. Сондықтан орындықты таңдау маңызды.
"Егер сіз алыс қашықтықтағы рейстегі орындықтардың ортаңғы жолағының алдыңғы қатарында орын брондасаңыз, онда сізде қосымша аяқ созатын орын болуы мүмкін. Бірақ сіз баланың жанында отыруыңыз мүмкін. Себебі, бұл креслода сәбилер біреудің тізесінде емес, бөлек ұйықтай алатындай балалар төсегі мен бесікке арналған жиналмалы үстел бар", - деп түсіндірді ол.
Тартымды және ыңғайлы орын барлығына жағымды бонус бола бермейді. Алайда, бірінші қатарлардың тағы бір артықшылығы бар: қызметкерлерге жақын орналасқан туристер түскі асты бірінші болып алады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!