"Ібілістің омартасы" мен тағдырдың найзасы. Армениядағы тастар симфониясына не үшін бару керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Арменияда қызықты орындар жетерлік. Мысалы, мұнда биіктігі 50-100 метрді құрайтын тас бағандар бар. Олардың түсі мен көлбеулігі әртүрлі. Бес және алты қырлы тастарды көріп, адамның емес, табиғаттың жасаған кереметі екеніне сену қиын. Жергілікті тұрғындар жартасты музыкалық аспапқа ұқсағандықтан, "Базальтты орган" деп атайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірлесе отырып "Тастар симфониясы" атауымен танымал табиғат сыйы жайлы баяндайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Арменияда қызықты орындар жетерлік. Мысалы, мұнда биіктігі 50-100 метрді құрайтын тас бағандар бар. Олардың түсі мен көлбеулігі әртүрлі. Бес және алты қырлы тастарды көріп, адамның емес, табиғаттың жасаған кереметі екеніне сену қиын. Жергілікті тұрғындар жартасты музыкалық аспапқа ұқсағандықтан, "Базальтты орган" деп атайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірлесе отырып "Тастар симфониясы" атауымен танымал табиғат сыйы жайлы баяндайды. 

Тік базальтты жартастар көптеген елде кездеседі: Солтүстік Ирландиядағы Алыптар көпірі, Шотландиядағы Фингал үңгірі, Исландиядағы осы жартасқа ұқсас тастары бар Свартифосс сарқырамасы, АҚШ-тағы тік тастардан құралған "Сайтан мұнарасы" атты жартас. Көпқырлы бұл тастар жанартаудың әсерінен пайда болған. Физикалық заңдылық бойынша, кез келген созылмалы сұйықтықты астыңғы бөлігінен бастап қыздырғанда алты бұрышты Бернар ұяшықтары қалыптасады. Қарапайым тілмен айтқанда, лава кішірейіп, көпқырлы бағандарға ыдырайды. Ғылымда аталмыш геологиялық түзілістерді "бағаналы түйісу" деп атайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? ? ? ? ? (@mironchic_elena)

Ертеде жартастардың ара ұясына ұқсауына байланысты оларды "Ібілістің омартасы" деп атаған. Ал тастардың құпиясы жақында ғана ашылды. 

Қызықты ақпарат

Ирландиялық геофизиктер Исландиядағы Эйяфьядлайекюдль жанартауында тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде бұл "тас омарталардың" 900 градуста түзілетіндігі анықталды. Тәжірибе Nature Communications журналында толық сипатталған. 

© Shutterstock

Жергілікті тұрғындар бұл ерекше орын жайлы "Тастар симфониясын көрмегенің, Арменияда болмағаның" дейді. Мұнда болған туристер жартастың адамды таңғалдыратынын айтады. Тастар симфониясы табиғи ескерткіштер қатарына енген және заңмен қорғалады. Ерекше орын жайлы көпшілігі біле бермейді. Базальтты орган Ереван қаласынан 30 шақырым жерде, танымал туристік маршрутта орналасқанымен, саяхатшылардың басым бөлігі бұл жерге келмейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нина Волошина | Letstravel_krd (@nina_letstravel)

Мұның басты себебі - жолдың нашарлығы. Жол нұсқаушылар табиғи ескерткішті айналып өтуге тырысады. Ал тастардың құлап кету қаупі болғандықтан, көліктер мұнда жақын келе алмайды. Сондықтан, жолды жаяу еңсеруге тура келеді. Саяхатқа аттанбас бұрын тұрғындар жартасқа жақын бармау керегін ескертеді. Әрі жергілікті жол нұсқаушылардың айтуынша, Тастар симфониясында туристер тобын емес, жыландарды жолықтыру қаупі басымырақ. Олар адамдарға бірінші болып шабуыл жасамайды, алайда сақтық үшін медициналық көмек қобдишасын алып жүрген жөн.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? (@jack_tamz)

Тастар симфониясы Ереваннан 28 шақырым жердегі Гарни ауылының маңында, Азат өзені шатқалында орналасқан. Жартасқа Гарни пұтқа табынушылар храмы мен Гегард монастрь кешеніне аттанған экскурсия құрамымен бірге баруға болады. Есіңізде болсын, экскурсияны сатып алу кезінде оның құрамына Базальтты органның енетінін анықтап алыңыз. Табиғи ескерткішке өзіңіз барғаныңыз ыңғайлы. Бұл үшін жол нұсқаушы арнайы уақыт бөлуі қажет. 

© Shutterstock

Армян классикалық мультфильмдерін көргендер ерекше жартасты бірден таниды. "Мәссаған, сөйлетін балық!" сериясындағы "Қайырымды Ээхтің" қарияға сиқырлы үстел беретін эпизоды Базальтты органның аясында өтеді. 


"Мәссаған, сөйлейтін балық!" мультфильмінен алынған скрин (1983 жыл, "Арменфильм")

Гарни ғибадатханасы мен Гегард монастырь кешені

Гарни ғибадатханасы посткеңестік елдер аумағында орналасқан эллинизм дәуірінің жалғыз ескерткіші. Ғибадатхананы армян патшасы Трдат 76-жылы салғызған. Бұған осы жерден табылған грек тіліндегі жазба дәлел болады. Жазбада "Гелиос! Ұлы Армения патшасы Ұлы Трдат өзінің билік еткен 11 жылында патшайымға арнап агарак тұрғызды" делінген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? ? ? ? ? (@mironchic_elena)

Зерттеушілердің пайымдауынша, ғибадатхана Күн Құдайы - Митраға арналған. Ол базальтты блоктан салынған. Жалпы 24 бағана бар және ежелгі грек титандар бейнеленген барельефпен безендірілген. Сонымен қатар, армян халқына тән бейнелерді - анар, жүзім мен Кавказ гүлдерін де кездестіруге болады. Армения христиан дінін қабылдаған соң, ғибадатханадан Митраның мүсіні алынып, билеушілердің жазғы резиденциясына айналды. 1679 жылы қатты жер сілкінісінен кейін ғибадатхана толығымен қирап қалған. Кейін 1966-1976 жылдары қайта қалпына келтірілді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Adventure Travel | Eva zu Beck (@evazubeck)

Ғибадатхананың маңында ежелгі қамал мен патша сарайының қирандылары, ІІІ ғасырда салынған 3 жуыну бөлмесі және киім-кешек бөлімі бар монша сақталған. Киім-кешек бөлмесінің кіре берісінде мозаика мен ежелгі грек тіліндегі "Ақысына ештеңе алмастан жұмыс істеді" деген жазба бар. Мозаикада теңіз құдайы бейнеленген.

Гарни ғибадатханасына кіру ақылы. Билет құны шамамен 1 500 теңгені құрайды.

© Shutterstock

Монастырь Гегард - ерекше кешен. Оны жан-жағынан Гохт өзенінің шатқалындағы жартастар қоршап тұр. Кешеннің кей бөліктері жартастың ішіне қашап салынған. Ал басқалары - қабырғалы бөлмелерден тұратын күрделі құрылымдар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TT Home (@tthome_armenia)

Аңызға сүйенсек, монастырьді Әулие Григорий ІV ғасырда, үңгірден бастау алған киелі бұлақтың орнына салған. Кешенді Айриванк - "Үңгірдегі монастырь" деп атайды. Бес ғасырдан соң кешен құлаған. Тағы төрт ғасыр уақыт өткенде, ХІІІ ғасырда қайта салынды. Дәл осы уақыттан бастап ол Гегард - "Найза" деген атауды алған. Мұның өзіндік себебі бар. Кешенде 500 жыл бойы Рим сарбазы Иса Пайғамбарға сұққан найза сақталған. Қазір жәдігерді Эчмиадзин мұражайынан көруге болады. 

Гегард монастырь кешені UNESCO мәдени мұрасы ретінде мойындалған. Кешен әлі жұмыс істеп тұр. Сондықтан кіру тегін және кез келген уақытта баруға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Армения Туризм (@visit2armenia)

© Shutterstock

Ереваннан Тастар симфониясына қалай жетуге болады

№1 нұсқа

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ең қарапайым жолы - экскурсия сатып алу. Құны шамамен 38-76 мың теңгені (7-150 еуро) құрайды. Егер сіз отбасыңызбен саяхаттасаңыз, бұл нұсқа тиімді болмақ. Себебі экскурсия бағасы 6 адамнан тұратын топқа арналған. Сонымен қатар, гид сізді қонақ үйден алып кетіп, саяхат соңында қайта алып келеді. Сапар көлікпен, 5-8 сағатқа созылады. 

Экскурсия арқылы саяхаттап, әрі қаржыңызды үнемдегіңіз келсе, турист картасын сатып алыңыз (құны шамамен 12 мың теңге). Карта иегері жоғарыда аталған орындарды тегін аралайды. Сондықтан, экскурсия бағасы 3 есеге дейін арзандайды. "Ереван картасы" жайлы мына жерден біле аласыз. 

Карта туристік орындарды тегін (мұражай, экскурсия, шеберлік сыныптары) немесе жеңілдік (дәмхана, мейрамхана, қонақ үй) арқылы тамашалауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, әуежайдан немесе әуежайға бағытталған тегін трансферді қолданып, метромен бірнеше рет тегін қатынай аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Innate Rudinna Ukraine (@innate_rudinna)

№2 нұсқа

Барлығын өзі ұйымдастырып, жолға өз бетімен шыққысы келетіндерге алдын-ала жасалған турлар ұнамауы мүмкін. Маршрутты өзіңіз қалағандай етіп жасау үшін көлік пен ұялы телефондағы спутниктік карта, ғаламтордың болуы жеткілікті. Ереванда көлікті жалға беретін компаниялар өте көп. Сервис кең таралғандықтан, көліктер таңдауы көп. Эконом класынан бастап, жол талғамайтын көліктер, вэн және минивэн, миркоавтобустар да бар. 

Тастар симфониясына аттанғыңыз келсе, жол талғамайтын көлікті таңдағаныңыз дұрыс. Жол нашар болғандықтан, жеңіл көліктер кей тұстарда өте алмауы мүмкін. Тастардың құлау қаупі бар. Сондықтан, көлікті қауіпсіз тұсқа қалдырғаныңыз абзал.

№3 нұсқа

Діттеген орынға дейін таксимен жету. Оны арнайы мобильді қосымша арқылы шақыруға болады. Ереванда "Яндекс. Такси", "Uber" сынды арнайы қызметтер бар.

№4 нұсқа

Тастар симфониясына жетудің ең арзан жолы - қоғамдық көлікті қолдану. Гарни ауылына дейін №266 және №284 автобуспен жете аласыз. Бұл үшін қала орталығынан №51 автобус арқылы "Автобекетке" бару қажет. Жол жүру құны, шамамен 220 теңге. 30-40 минутта қажетті орында боласыз.

Лайфхак: жергілікті такси жүргізушілері базальтты шатқалға барып-келу үшін 5 000 драм (4 000 теңге) сұрауы мүмкін. Жол ауыр емес. Физикалық дайындығы төмен адам да шатқалға жете алады. 

Әрі қарай шатқалмен төмен түсу қажет. Бұл үшін жергілікті тұрғындардың біреуімен келісуге де болады. Жолды білетін адамның жаныңызда болуы тиімді және қауіпсіз. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marina (@vip_m.g_vip)

"Автобусқа отырған соң, жүргізушіге "Гарни" деп айтыңыз. Ол сізді ғибадатханаға алып баратын жолдан түсіреді. 10 метр жүргеннен кейін оңға бұрылыңыз. Тас төселген жолмен шатқалға барыңыз. Шатқалға кірген соң керемет көрініске қарап, рахаттануға болады. Мұнда ешқандай жылан жоқ!", - дейді Тастар симфониясында болған қазақстандық саяхатшы Әлібек Айтыбаев.

"Ерінбесеңіз және уақыт болса, шатқалға жаяу түскен жөн. Жол өте нашар. Алайда, Базальтты органдағы эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жартастардың жанында өзіңді кішкентай, түкке тұрғысыз сезінесің. Біз алдымен ғибадатханаға бардық, бірақ Тастар симфониясы көбірек ұнады", - дейді саяхатшы Алина Карпова.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная