Блогер қонақүйде жасырын камераны табудың жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қонақүй бөлмесінде жасырын камераларды қалай табуға болатыны туралы танымал блогер Маркус Хутчинс TikTok желісінде жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қонақүй бөлмесінде жасырын камераларды қалай табуға болатыны туралы танымал блогер Маркус Хутчинс TikTok желісінде жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Маркус Хутчинс бұған жол бермеу үшін туристерге әдетте бақылау камералары орналасқан ең қауіпті жерлерді атады. Олардың ішінде көп тараған орын – өрт дабылының датчиктері. Мұндай сенсорлардан жасырын камералар табылған. Тағы бір қауіпті орын - қонақүй дабылы.

"Қазір шпиондық камералар соншалық кішкентай, олар розеткаға немесе USB сымының ішіне сыйып кетеді", - дейді блогер.

Сонымен қатар, "кәсіби" камераны табу үшін сізге жазу құрылғыларын тарататын радиожиіліктерді анықтайтын арнайы сенсорды пайдалану керек.

Сондай-ақ, қазіргі тыңшы камералардың бір кемшін тұсы бар.

"Розеткаға жасырылған камераны табу үшін шамды қосу жеткілікті - камера объективі көк жарықты көрсетеді", - деді блогер.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная