Блогер Айжан Байзақованы Жапонияда қонақүйден шығарып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/bayzakova instagram.com/bayzakova

Блогер Айжан Байзақова жолдасымен Күн шығыс елі - Жапонияға саяхаттаған. Олардың демалысының күл-талқаны шыққан, себебі оларды қонақүйден шығарып жіберген. Бұл туралы ол өз блогында жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Блогер Айжан Байзақова жолдасымен Күн шығыс елі - Жапонияға саяхаттаған. Олардың демалысының күл-талқаны шыққан, себебі оларды қонақүйден шығарып жіберген. Бұл туралы ол өз блогында жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Фото: стоизден скриншот

Байзақова Жапония демалуға ең қалаулы елдер тізімінде болғанын атап өтті. Алайда, ерлі-зайыптылар қоныстанған уақытты, оларды кенеттен Токио қонақүйінен шығарып жіберген.

Қазақстандық қыздың айтуынша, барлығы нөмірдің астаң-кестеңі шығып жатуына байланысты болған.

"Бізді қонақүйден шығаруға себеп: біздің нөмірдің астаң-кестеңі шығып жатуы. Тазалаушы келіп, барлығын суретке түсіріп алды, чемодандар төсек үстінде тұрды. Мен оны қайда қоярымды білмедім, өйткені онда сөре болмады. Осыны суретке түсіріп, менеджерге көрсетті, ал менеджерлер біздің шығуымызды өтінді", - деді ол өз блогында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dance With The Devil (@bayzakova)

Соған қарамастан, қыз бен оның жолдасы кеңірек қонақүй тапқан. Айжанның айтуынша, алдыңғы қонақүйдің кішкентай болғаны соншалық, олардың заттарына орын жетпеді, сонымен қатар ол негізсіз қымбат болды. Ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болғанын айтты.

"Мен алғаш рет шекара асқан болсам, түсінер едім. Мен көп жерде болдым, алайда мұндай жағдай бірінші рет. Осы жағдайдан шок алдық", - деді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная