Бизнес-класс жолаушысы ұшақта ер адамның зорлық жасағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Бизнес-класқа билет алған ұшақтың жолаушысы полицияға хабарласып, ұшу кезінде зорлық көргенін айтты. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бизнес-класқа билет алған ұшақтың жолаушысы полицияға хабарласып, ұшу кезінде зорлық көргенін айтты. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.

Оқиға 31 қаңтарда Ньюарктан (АҚШ) Лондонға (Ұлыбритания) баратын америкалық United Airlines компаниясының бортында болды. Рейс кезінде қыз бортсеріктерге басқа туристер ұйықтап жатқанда ер адамның оған шабуыл жасап, қорлағанын айтқан.

Ұшақ Хитроу әуежайына қонғаннан кейін, полиция 40 жастағы күдіктіні ұстады. Олар ДНҚ мен саусақ іздерін алып, бортқа тінту жүргізді. Сонымен қатар, зардап шеккен қыз кеңес беру орталығына барып, мамандардың сұрағына жауап берді.

Басылымның мәліметінше, ер адам мен қыз ұшақта жақын отырған және ұшқанға дейін таныс болмаған. Алайда, куәгерлердің айтуынша, олар ұшу кезінде сөйлескен, сондай-ақ ұшақтың лаунж аймағындағы барда бірге ішімдік ішкен.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная