"Билікті сынамау және некесіз жыныстық қатынасқа түспеу". Индонезия туристерді "үркітетін" заң қыбылдамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Индонезия парламенті жаңа Қылмыстық кодексті мақұлдады, онда үйленбеген адамдардың жыныстық қатынасқа түсуіне тыйым салынады және бұл заңды бұзған адамдар бір жылға дейін қамауға алынуы мүмкін. Мұндай заңдар туристерді үркітіп, шетелдік инвестицияға соққы жасауы мүмкін деген қауіп болғанына қарамастан өзгеріс енгізілді.


Иконка комментария блок соц сети

Индонезия парламенті жаңа Қылмыстық кодексті мақұлдады, онда үйленбеген адамдардың жыныстық қатынасқа түсуіне тыйым салынады және бұл заңды бұзған адамдар бір жылға дейін қамауға алынуы мүмкін. Мұндай заңдар туристерді үркітіп, шетелдік инвестицияға соққы жасауы мүмкін деген қауіп болғанына қарамастан өзгеріс енгізілді.

Жаңа кодекс индонезиялықтарға және елге келетін туристерге де қатысты. Сондай-ақ, үйленбеген адамдар ендігіде бірге тұра алмайды. Қазіргі уақытта "көзге шөп салуда" заңмен қудаланады.

Сонымен қатар, CNN Indonesia мәліметінше, ендігіде адамдар билікті сынаушылар мен президентті қорлағаны үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ескертусіз митинг ұйымдастырушылар да жазаланады. Бұл үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 200 миллион индонезиялық рупий

Кроме того, уголовное наказание вводится за критику власти и оскорбление президента, а также за организацию митингов без уведомления, пишет CNN Indonesia. За это предусмотрено наказание в виде лишения свободы на срок до трех лет и штраф в 200 миллионов индонезийских рупий (шамамен 6 045 947 теңге).

Бұл заң нақты күшіне ену үшін президент Джоко Видодо қол қоюы тиіс.

Индонезияның туризм индустриясы басқармасы басшысының орынбасары Маулана Юсран қазіргі уақытта экономика мен туризм пандемия салдарынан енді ес жинап келе жатқанда, мұндай жаңа кодексті айыптады және мұны контрпродуктивті деп атады.

Алайда кодексті қайта қарау парламенттік комиссияның төрағасы Бамбанг Вуриантоның айтуынша, заңды қалай болғанда қайта қарау керек, себебі заң Индонезияның Индерландыдан 1949 жылы тәуелсіздік алғалы өзгермеген және "голландтық мұраны" сақтап келеді екен.

Индонезияның туризм саласы бойынша басты бағыты Балидің туризм департаментің басшысы Тьокорда Багус Пемаюнның айтуынша, қонақүйге орналасу үшін саяхатшыларға үйленгені туралы құжатты көрсету міндеттелмейді.

Жергілікті CNA порталына берген сұхбатында шенеунік саяхатшылар үшін алаңдауға ешқандай себеп жоқ екенін айтады.

"Өтініш, алаңдамаңыздар! Қонақүй өкілдері мен туристік ассоциацисының мамандарымен сөйлесе келе қонақүйлерде шетелдіктерден үйлену туралы құжат сұралмайтыны нақты айтылды", - деді Пемаюн.

Елдегі Әділет және адам құқығы министрі Ясонна Лаоли де осы пікірді растады.

"Егер Аустралиядан келген туристер Балиге демалысқа келіп, бір номерде тоқтауды шешсе, бұл олардың жеке шаруасы. Ал егер олардың ата-аналары Аустралиядан шағым түсірсе, полиция тексере бастайды. Алайда Аустралия мәдениетінде мұндай жоқ", - деді Лаоли ANTARA агенттігіне берген сұхбатында.

Индонезиядағы жаңа қылмыстық кодекске сәйкес, неке қиылмай жыныстық қатынасқа түскендер туралы тек күдіктілердің жаұын туыстары ғана шағымдана алады. Лаолидің айтуынша, бұл заңды президент мақұлдағанның өзінде үш жылдан соң күшіне енеді, ал бір жыл түрмеде отыру жазасы 640 доллар айыппұл төлеумен алмастырылуы мүмкін.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная