Бетпердені міндетті түрде киюді тоқтатқан елдер аталды

Көптеген ел ковид шектеулерден бас тартып, туристерге кіруді жеңілдетті және бетперде режимін жойды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі қай елдер бетпердені міндетті түрде киюден бас тартқанын айтады.

20 сәуірден бастап Испанияда дүкендер, супермаркеттер, мейрамханалар, барлар, спорт залдары, театрлар мен кинотеатрларда міндетті түрде бетперде кию тоқтатылды. Ереже медициналық мекемелерге, дәріханаларға, қарттар үйлеріне және қоғамдық көліктерге қолданылмайды.

21 сәуірде Португалияның денсаулық сақтау министрі Марта Темидо туристер мен ел азаматтары мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары мен мұражайлар сияқты көптеген қоғамдық орында бетперде киюге міндетті емес екенін мәлімдеді. Дегенмен, ереже медициналық мекемелерде және әлеуметтік осал топқа жататын адамдар баратын басқа да нысандарда қолданылады.

Грекия билігі 1 маусымнан бастап ғимарат ішінде бетперде кию туралы талаптар алынып тасталатынын және Грекияға кіру үшін вакцинаның цифрлық сертификатын ұсыну туралы талапты алып тастауды қарастырып жатқанын айтты. Денсаулық сақтау министрі Танос Плеврис шектеулерді жеңілдету "эпидемиологиялық мәліметтер мен сарапшылардың ұсыныстарына негізделгенін" мәлімдеді.

Сондай-ақ, АТОР мәліметінше, 16 сәуірден бастап Австрия астанасы Венадағы көпшілік орындарда бетперде режимі тоқтатылды. FFP2 типті респираторларды кию туралы талап медициналық мекемелерге, дәріханаларға, банктерге, пошта бөлімшелеріне, бірінші қажеттіліктегі дүкендерге баратындар және қоғамдық көліктерге  отыратындар үшін күшінде қалады.

Венада 2G талабы жойылды. Елде тамақтану орындары мен мәдени шараларға тек COVID-19-дан жазылған немесе вакцина алған адамдар тиісті сертификаттар мен анықтамаларды ұсынып, кіруге рұқсат етілді. Қалған аймақтарда елдер бұл ережеден бесінші наурыздан бастап бас тартты.

Словакияда 21 сәуірден бастап бетпердені тек ауруханаларда, емханаларда және әлеуметтік қорғау мекемелерінде кию керек. Сонымен қатар, 6 сәуірден бастап ел кіруге шектеулерді алып тастады және барлық турист вакциналау мәртебесіне қарамастан, Словакия Республикасының аумағына кіре алады.

АҚШ-та қоғамдық көліктердегі бетперде режимі тоқтатылды. Күшін жою туралы шешімді АҚШ аудандық судьясы Кэтрин Митчелл қабылдады.

Бразилия, Парагвай және Уругвай сияқты Латын Америкасы елдері де бетпердені міндетті түрде кию ережесінен бас тартуға шешім қабылдады. Бұл шешім аймақтағы COVID-19 жағдайларының төмендеуіне және вакциналаумен қамту деңгейінің жоғарылауына байланысты болды.

3 сәуірде Түркияда бетперде режимі жойылды. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді. Оның айтуынша, жеткілікті желдету және әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі болған жағдайда, жабық бөлмелерде қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттілігі де алынып тасталады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!