Экология мен белсенді демалысты бағалайтындар үшін 2023 жылы ең жақсы елдер ретінде Жаңа Зеландия, Норвегия және Аустралия болып тұр. Бұл жайлы Hipcamp демалыс үшін брондаудың онлайн қызметі өткізген зерттеуден белгілі болды.
Бұл рейтингте бірінші Жаңа Зеландия тұр, бұл ел табиғи ресурстар, жасыл аумақтың көптігі мен ауаның тазалығы бойынша ең тартымды екен. Екінші орныда Норвегия, ал үштікті Аустралия түйіндеді. Соңғысы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізімі бойынша (14) Қытайдан ғана қалып тұр (15).
Тізімде төртінші Австрия, бұл ел туристтік және көрнекі орындар бойынша интернеттегі сұраныс жағынан алдыңғы орында. Бесінші - Исландия. Алтыншы тағы бір еуропалық ел - Испания, жетінші - Коста-Рика. Ары қарай Португалия, Канада және Швейцария ретімен тұр.
Рейтингке 87 ел кірген. Соның ішінде Қазақстан 69-орында тұр.
Сервис мамандары бұл рейтингті түзерде елдерді бірнеше критерий бойынша саралаған: экологиялық тұрақтылық, ЮНЕСКО-ның табиғи нысандарының саны, табиғат көркемділігі, ауаның ластану деңгейі, саябақтар мен жасыл аумақтардың сапасы, табиғи аумақтардың қорғалу пайзы мен туризмге деген сандық сұраныс.