Coral Travel туроператорының Royal Flight ірі әуекомпаниясы ұшу бағдарламасын 16 наурыздан 15 мамырға дейін тоқтатты және қызметкерлерді мәжбүрлі демалысқа жіберді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.
Royal Flight әуекомпаниясының бас директоры Вадим Михайловтың түрік БАҚ-тарына берген мәліметінше, батыс елдері ресейлік әуекомпанияларға салған санкцияларға, соның ішінде лизинг берушілердің ұшақтарды кері қайтарып алуына, Ресейге қосалқы бөлшектерді жеткізуге және техникалық қызмет көрсетуге тыйым салуына байланысты шешім қабылданған.
"Бос тұрып қалу туралы" бұйрық 16 наурызда күшіне енді және 2022 жылғы 15 мамырға дейін жалғасады. "Уральские авиалинии" әуекомпаниясы сияқты, ол да қызметкерлерін үйіне жіберді. Тек әрдайым байланыста болуы керек. Royal Flight қызметкерлері үшін мәжбүрлі демалыс жұмыс беруші мен қызметкерге байланысты емес себептерге байланысты орын алып отыр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!