Байлардың ермегі шектен шыққалы тұрған Дубай туралы таңғаларлық деректер

Араб шейхтері Дубайды әлем астанасы етуге шынымен кіріскендей, олар қаланы жер бетіндегі ең салтанатты мекенге айналдырып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Түйе жарыс - араб байларының сүйікті спорты. Бұрын түйемен арнайы жаттыққан балалар шабатын, ал енді Дубай гумнизм жолына түсіп: шабандоздарды рациямен басқарылатын роботтар алмастырды.

Дубай полициясы қала тыныштығын суперкар мініп күзетеді, олардың қатарында - Aston Martin, Bentley Continental GTS, Ferrari мен Lamborghini бар. Бұл жергілікті заң бұзуышыны қарапайым "Мерседеспен" қуып жету мүмкін еместігіне байланысты, егер ол Bugatti Veyron көлігімен сағатын 300 шақырым жылдамдықпен жүйіткісе. Ал жергілікті халық жарысқанды жақсы көреді.

"Дубай Молл" сауда орталығының аумағы - жарты миллион шаршы метрдей болады. Бұл Ватиканның аумағынан да үлкен. Жыл сайын бұл сауда орталығына 50 миллион турист келеді екен. Мұнда мыңдаған дүкен, жүздеген мейрамхана мен ойын-сауық алаңдары бар "Дубай Моллды" шарлап шығуға бір ай уақыт керек болар.

Дубайда суперкарлар қоқыс болып жатқан орын бар, мұнда қала қызметі спорт және жоғары санаттағы көліктерді әкеліп тастайды. Иелері оларды көлік тұрағы немесе бос жерлерге тастап кете береді деген сөз бар, алайда негізінен ондай көліктерді кредитке белшеден батып, елден жылдам кету керек болған шетелдіктер немесе қымбат көлікті сатып алғанымен ары қарайғыға ақшасы жетпеген жергілкті халық тастайды екен. Дубайда бәрі бірдей миллиардер емес, бірақ мақтанып қалғанды жақсы көреді.

Палм-Джумейредағы аппартаменттер, яхталар мен жеке ұшақтар Дубай дөкейлері үшін байлықтың көрсеткіші болмай қалған. Қолға үйретілген арыстан, гепард пен қабыландар - міне шіріген байлықтың ермегі.

Dubai Miracle Garden паркін құруға әлемнің ең үздік ланшафт дизайнерлері жұмыс істеді. Ол тіпті Гиннес рекордтар кітабына енген.

Дубайда алтынды ұнатады. Өте жақсы көреді. Иә, кейбір шіріген байлар үйлеріндегі ванна мен унитаздарды осы бір қымбат металлдан құйдырған. Тіпті олардың қауіпсіз тұстарын гауһар таспен де көмкерген.

Дубай табиғи өсімдігі жоқ өлі жерде тұрғызылған, мұндағы температура +50 градусқа дейін барады. Барлық көп қабатты ғимараттар, моллдар мен басқа да сәулет құрылыстары үнемі суытып отыруды қажет етеді. Саябақтар тоқтаусыз суарылу керек, мұның бәріне өте көп су кетеді. Бір ғана мысал қаладағы бір пальманы суғаруға күніне 50 АҚШ доллары жұмсалады екен.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.