Израильдық бай адам 160 адамға арналған ұшақта жалғыз жолаушы болды. Бұл туралы Independent жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, әуе кемесі Тель-Авивтен Касабланкаға және кері бағытта ұшып келген. Мароккода уақытша тұратын кәсіпкер Жерорта теңізі еліне емделуге жеткізу үшін лайнерді шұғыл түрде жалға алуға мәжбүр болған.
Flightradar24 бақылау веб-сайтының деректеріне сәйкес, ұшақ алты сағат ішінде 2,5 мың миль қашықтыққа, көбінесе Жерорта теңізі арқылы ұшқан. Boeing 737 бортында 160 жолаушыға дейін орналаса алады.