Бассейндегі қорқынышты жағдай: ресейлік жалаңаш туристердің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Survivor © pixabay.com/Survivor

Үндістанның Химачал-Прадеш штатының Кулу ауданындағы Парвати алқабындағы курортта қорқыныш жағдай болды. Полиция екі ресейлік туристің жалаңаш денелерін тапты - 37 жастағы ер адам және 21 жастағы әйел. Максим Б. және Анна Р. денесі Маникараннан 2 км қашықтықта Тегри қаласындағы термалды бассейнде табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі India Times басылымына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Басылымның дереккөздері бассейннің жанында туристердің төлқұжаттары мен телефондары табылғанын айтқан. Туристер жазған екі жазба табылды. Анна жазған жазбада оның телефонын Ресейдегі отбасына елшілік арқылы жіберу керек делінген. Қайғылы оқиға орнынан табылған тағы бір жазбада Ресей елшілігіне осы жұптың заттарын жіберу туралы өтініш бар.

Басылымның мәліметінше, полиция болжамдарының бірі - туристер өз-өзіне қол жұмсады. Сондай-ақ, полицейлер бұл іс есірткіге байланысты болуы мүмкін деп болжайды, өйткені есірткінің оңай қолжетімділігімен танымал Парвати алқабына жыл сайын жүздеген шетелдік турист келеді.

Қазір мәйіттер мемлекеттік ауруханаға аутопсияға жіберілді, жұмысқа медициналық сарапшылар қосылды. Ресей елшілігіне де ақпарат берілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная