Бали - армандар аралы, кейінгі уақытта фрилансерлер аралына айналды. Көптеген жастар Индонезияға демалыс үшін ғана емес, өмірде өз орнын табуға барады. Біздің редакция сонда көшіп барған қазақстандықтың әлеуметтік желідегі видеоларына назар аударды. Tengritravel.kz тілшісі авторға хабарласып, Бали тұрғынының хал-жағдайын білді.
@murzabayev Неважно окупится это все или нет, но главное не предавать самого себя
♬ оригинальный звук - Murzabayev Sanzhar
Ер адамның есімі Санжар, 25 жаста. Алғаш рет ол Балиде төрт жыл бұрын болған, алайда бастапқыда аса ұнай қоймаған. Ол тіпті болашақта Индонезияға көшіп, ұзақ уақыт тұрамын деп ойламағанда.
Әзірге қазақстандық сонда бір жыл тұрақтауды жоспарлаған, алайда Қазақстанға қайтып келу нұсқасын да алып тастамаған.
"Бірінші рет келгенімде бір ай болдым, сосын бір жағдайларға байланысты біршама уақытқа қалып қойдым. Маған осы жердің қалай ұнағанын аңғармай қалдым. Сосын Оңтүстік-Шығыс Азия - өмір сүруге таптырмас мекен деген ой қалыптасты. Бали - бұл ерекше орын", - дейді ол.
Санжардың айтуынша аралдың өз киесі бар екен. Мысалы, ел арасында Бали әр адамға әрқалай ашылатыны туралы сенім бар. Біреулер үшін бұл Жердегі жұмақ, ал басқаға - барынша жағымсыз жер. Ер адамның айтуынша, арал оны біршама уақыттан соң "қабылдаған".
@murzabayev Видеоблог с Бали ))) Inst: murzabayevs
♬ оригинальный звук - Murzabayev Sanzhar
Қазақстандықтың айтуынша, мұнда негізге келушілер - Ресей және Украина азаматтары, екінші орында аустралиялықтар және еуропалықтар да көп.
"Балиде экспаттар көп. Сондай-ақ әдемі адамдар көп. Мұнда барынша жайлы өмір сүруге болады: ештеңеге алаңсыз өмір, қарапайым өмір және тым қарапайым өмір де бар. Соған қарамастан саған жақсы болары сөзсіз", - деп ойлайды жігіт.
@murzabayev ♬ оригинальный звук - Murzabayev Sanzhar
Санжардың айтуынша, арал қазір 4 жыл бұрынғыға қарағанда бірнеше есе қымбаттаған. Бірақ бұл адамдарға өз өмірін Балиде сүруге, аралдан ләззат алуға және өздерін материалдық жағынан қамтамасыз етуге кедергі болмайды екен.
Тұрғын үйді жалға алу, сондай-ақ көлік тасымалы өз талабыңыздың деңгейіне байланысты. Біреу виллаларда тұрады, ал біреулер пәтер жалдайды және жатын орын болса жеткілікті дейтіндер де бар. Санжар Балиге қоныстануға шешім қабылдағандарға өмір қиындық туғызбайтынын атап өтті.
"Мұнда бәрі кафелерден тамақтанады, өйткені өте дәмді. Ең қызығы, азық-түлік сапасы бюджеттік мекемелерде де, қымбат мейрамханаларда да өте жоғары деңгейде. Сіз 1500-2000 теңгеге оңай таңғы ас іше аласыз, ал түскі ас орташа есеппен 3000 теңгеге шығады.
Үлкен порцияны айтпағанда, мен өнімдердің жоғары сапасы мен балғындығын атап өткім келеді. Бақуатты жерлерде қымбатырақ, бірақ салыстырмалы түрде ешқандай айырмашылық жоқ", - дейді саяхатшы.
Біз Санжардың айына қанша қаражат жұмсайтынын сұрадық. Оның айтуынша, вилланың құнын ескермегенде, шамамен миллион теңге шығын шығады екен.
"Менде Чанггу ауданында 2 бөлмелі вилла, мұнда жалға алу өте қымбат. Шамамен коммункалдық төлемдерді есептемегенде айына 520 мың теңге. Мен бір жылға алдын ала төлеп тастадым. Ай сайын төлейтін болсаң, бұл сома кемінде бір жарым есе көбейеді", - дейді Санжар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, қазір Санжар бодибилдингпен айналысады. Қаражаттың көп бөлігі тамаққа жұмсалады екен.
"Қызым екеуіміз айына шамамен 500 мың теңге тамаққа жұмсаймыз, ал залға 30 мың теңге төлеймін. Бұл басты қажет нәрсе. Меніңше вилла ақысын есептемегенде айына миллион теңге жұмсалатын шығар", - дейді қазақстандық.
Алайда, Санжар қазіргі бағамен де айына 500-600 мың теңгеге, соның ішінде жалға берілетін тұрғын үйге тыныш өмір сүруге болатынын атап өтті.
"Алматыға қарағанда сіздің өмір сүру деңгейіңіз әлдеқайда жоғары болады. Күн сайын табиғаттан рахат алып, мүмкіндігінше әртүрлі және қызықты адамдармен қарым-қатынас жасай аласыз. Мұнда барлығы барынша мейірімді және жаңа танысуларға қарсы емес", - дейді ол.
Фото:pexels.com
Қызмет түріне келетін болсақ, Санжар трафик арбитражымен (алып-сату) айналысады. Балиге көшу үшін жігіт көлігін сатты және жайлы өмір сүру үшін ақша жинаған. Қазақстанды сағынасыз ба деген сұраққа ол былай деп жауап берді: Қазақстанда достарым мен туыстарым бар. Алайда менің анам мен қарындасым Ыстамбұлда тұрады. Барлығымен байланысып тұрамын. Алматыны жанымдай жақсы көремін, мен үшін әлемдегі ең үздік қала. Алайда өмірімнің осы бөлігін осында өткізуді ұйғардым", - деп қорытындылады Санжар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!