Бангкоктағы сауда орталығында 14 жастағы бала атыс шығарды

Бангкоктағы ірі сауда орталықтарының бірінде атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, Siam Paragon сауда орталығында атыс дауысы естілген. Ол қазір жабық.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде атыс туралы хабарлаған, бірақ билік бұл жайтқа қатысты әлі пікір берген жоқ.

Әлеуметтік желідегі кадрлардан сатып алушылардың сауда орталығынан жүгіріп шыққанын көруге болады.

Адамдар сауда орталығы ішінде түсірілген видеоларды да жариялады. Бір бейнеде адам көп жүретін сауда орталығында оқ атылғандай қатты дыбыс анық естіледі.

Кейінірек полиция Siam Paragon сауда оратылғында оқ атқан 14 жастағы баланы қамауға алғаны хабарланды. Кемінде бес адамды жаралаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!