Индонезияның Бали аралында лай көшкіні болып, туристердің ағаш вилласын шайып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Guardian газетіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 наурызда Джатилуви ауылында болды. Нөсер жауын салдарынан ауылдағы суару арналары бұзылып, лай көшкіні туындады. Өкінішке қарай, табиғи апаттың кесірінен нидерландылық ер адам мен аустралиялық әйел зардап шекті. Лай көшкен кезде олар вилласында ұйықтап жатқан көрінеді.
Кейіннен іздестіру шаралары кезінде олар үйінді астынан табылып, бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жедел медициналық көмек көрсеткенімен, саяхатшыларды құтқару мүмкін болмады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!