Балиде туристерге Брахма құдайдың мекеніне баруға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батур жанартауы. Фото: Mount Batur, Flickr Батур жанартауы. Фото: Mount Batur, Flickr

Индонезия билігі қасиетті Батур тауына (сөнбеген жанартау) туристердің баруына тыйым салынды, бұл жер Брахма құдайдың мекені деп есептеледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Rambler басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Индонезия билігі қасиетті Батур тауына (сөнбеген жанартау) туристердің баруына тыйым салынды, бұл жер Брахма құдайдың мекені деп есептеледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Rambler басылымына сілтеме жасап.

Бали губернаторы Вайан Костердің ойынша аралдың бұл бөлігіне туристердің емін-еркін жүруіне және қасиетті таудың шыңына шығуға тыйым салынған дұрыс, өйткені көптеген саяхатшылар мұнда мотоциклмен келеді екен. Губернатор енді мұндайға жол берілмейтіні туралы айтты.

Мұндай көзқарасты діни көшбасшылар да туристерге қасиетті тауға тыйым салуды қолдап отыр. Жергілікті тұрғындар да бұл идеяны қолдап, туристерге қарағанда адамдар бұл жерге құлшылық үшін баратынын ескертті.

Батур ерекшелігі - жанартаудың ішіндегі жанартау болуында. 14 шақырымға созылған ескі қазаншұңқырдың ішінен жаңа жанартау пайда болған - ол анық көрініп тұр.

Батур сөнбеген жанартау, соңғы рет ол 1967 жылы оянып, от шашқан. Оқтын-оқтын ол көкке күл шашып тұрады екен. Бали тұрғындары мұндайды 2000 жылы көрген, күл 300 метр биіктікке көтерілген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная