Балиде туристі жәндік "шағып", ауыр жара салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралиялылық турист Балиде демалыс кезінде тосын жайға тап болды. Оны жәндік шаққаннан кейін, оның денесі бөрітіп, күлбіреу мен тыртық пайда болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аустралиялылық турист Балиде демалыс кезінде тосын жайға тап болды. Оны жәндік шаққаннан кейін, оның денесі бөрітіп, күлбіреу мен тыртық пайда болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Стефани Мудидің айтуынша, Балидегі Убуд қаласында демалғаннан кейін оның денесінде үлкен қызыл бөртпе пайда болған. Әйел жолдасымен және баласымен Куту қаласына көшкенде, оның жағдайы нашарлап, бөрткен жерлер күлбіреуге айналып, үлкейе бастаған. Кейін сол жерлер сарғайып, көпіршіктер пайда болды.

Бұл бөртпе адам денесінде өрмелеп жүретін стафилин қоңыздарының уының салдары екені белгілі болды. Бұдан көбіршікті дерматит пайда болады, алайда жәндік шақпайды.

Мудиге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 24 сағат өткен соң ол Аустралияға қайтқан. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай экзотикалық жерлерге барған кезде сақтық шараларын қолданудың маңыздылығын көрсетеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная