Бали халықаралық туризмді жаңартуды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бали үкіметі аралдың Денсаулық сақтау министрлігімен басқа елдерден келген туристер үшін "жасыл аймақтар" құру туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Тек шетелдіктер демалыс кезінде аймақтан шыға алмайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы tourweek сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бали үкіметі аралдың Денсаулық сақтау министрлігімен басқа елдерден келген туристер үшін "жасыл аймақтар" құру туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Тек шетелдіктер демалыс кезінде аймақтан шыға алмайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы tourweek сайтына сілтеме жасап.

Рұқсат етілген аймаққа коронавирус жұқтырғандар саны аз курорттар: Кута, Нуса Дуа, Убуд, Санур және Нуса Пенида кіреді. Бұл территорияларда эпидемиологиялық бақылау қатаң жүргізіледі.

Индонезия билігі ковидке байланысты қазір жағдай жақсарды деп санайды, сондықтан Бали шетелдік туристер үшін ашық болуы мүмкін. Шенеуніктер аралдардағы жағдайды бірнеше апта бақылағаннан кейін осындай тұжырымға келді.

© pixabay.com

Процесс барлық анти-ковид шарасын қатаң сақтай отырып, кезең-кезеңмен жүргізілуі керек.

Бұған дейін Бали шекарасы 2020 жылдың 11 қыркүйегінде ашылады деп жоспарланған. Бірақ кейін бұл жоспар өзгерді. Жаңа дата әзірге белгісіз.

Бали билігі шекараны ашудың маңызды факторы халықты, ең алдымен, туризм индустриясының қатысушыларын жаппай вакцинациялау деп санайды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная