Бали билігі енді туризмді дамытуды қаламайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бали, Индонезия. Фото ©Shutterstock Бали, Индонезия. Фото ©Shutterstock

Бали үкіметі ел экономикасын туризм арқылы дамытудан бас тартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бали үкіметі ел экономикасын туризм арқылы дамытудан бас тартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап.

"Балидегі ең үлкен қателік – бұл біздің туризмге тәуелділігіміз", - деді Бали губернаторы Ваян Костер.

Ол Балидің "коронавирусқа дейінгі" дәуірде әлемдегі ең сүйікті бағыттардың бірі болғанына қарамастан, бұл танымалдылық пен бедел шынымен аралдықтарға қаншалықты пайда әкелгені әлі белгісіз екенін айтты.

"Осы уақыт ішінде туризм Бали тұрғындарына тікелей пайда әкелмеді, ол сырттан келген инвесторлардың пайдасына кетті. COVID-19 пандемиясы аралға Балиді игеру кезінде жіберілген қателіктер туралы ойлануға және анықтауға мүмкіндік берді", - деді губернатор.

Сондай-ақ, ол туризмге тәуелділікті "негізгі қателік" деп атады.

Статистикаға сәйкес, 2020 жылы COVID-19 пандемиясынан кейін туризмді күрт тоқтатқаннан соң Бали экономикасы 9,31 пайызға қысқарды . Ресми статистикаға сәйкес, туризмнің экономикаға қосқан үлесі 54-тен 58 пайызға дейін болды.

Жалпы алғанда, билік туризм үшін ашылуға үміттенген кезде, олардың тарапынан индустрияға өткір сын айтылды. Костер мырзаның айтуынша, оның әкімшілігі жергілікті ресурстарды барынша пайдалануға бағытталған жаңа экономикалық тұжырымдаманы әзірлеп жатыр. Осылайша тек туризмге тәуелді емес мүмкіндіктер ошақтарын жасайды. Ауыл шаруашылығы, балық аулау және мәдени қолөнер сияқты секторларды бірінші орынға шығару жоспарланған, ал туризмді дамыту соңғы кезекте орындалады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная