Бахрейн шетелдіктер үшін шектеулерді алып тастады

2022 жылғы 20 ақпаннан бастап вакцина алмаған туристер де Бахрейн шекарасынан өте алады. Келгеннен кейін әуежайда ПТР тексеруден өту қажет емес, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourweek сайтына сілтеме жасап.

Бахрейн шетелдік қонақтар үшін кез келген санитарлық шектеулерді алып тастаған алғашқы Таяу Шығыс  мемлекеті болды. Ақпанның басынан бастап саяхатшылар ұшуға дейін өткен ПТР-тестілері туралы анықтамаларды ұсыну қажеттілігінен босатылды. Енді Бахрейн билігі вакцина алмаған шетелдіктер үшін 10 күндік карантиннен өту туралы ережені жойды. Елде жүргенде ешқандай тексеруден өту қажет емес.

Осылайша, туристер үшін Бахрейнге кіру шарттары пандемияға дейінгі кезеңге оралды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!