Жер-жаһан 19 ақпан 2024 22:03

Багам аралдарында 80 жастағы туристі зорлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Егде жастағы канадалық турист Багам аралдарындағы қонақүйде зорланған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Kawartha 411 порталына сілтеме жасап.


Егде жастағы канадалық турист Багам аралдарындағы қонақүйде зорланған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Kawartha 411 порталына сілтеме жасап.

Қаңтарда Альцгеймер ауруына шалдыққан 80 жастағы әйел әпкесімен бірге Кариб теңізі курортына демалысқа барып, қонақүйге орналасады. Туристер өз бөлмесіне бару үшін лифтке мінген. Олармен бірге тағы бір канадалық ер адам ілесіп кірген. Өз қабатына жеткен әйел лифттен бірінші шығып кеткен, алайда артынша лифт жабылып қалған.

Қонақүйдегі адамдар бірден зейнеткерді іздей бастады. Олар қонақүй әкімшілігінен полиция шақырып, камераларды қарап шығуды сұрайды. Бірақ әкімшілік келіспеген. Шамамен 30 минуттан кейін 80 жастағы турист табылады. Оның қолында іш киімі болған.

Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның зорланғанын растады. Полиция 61 жастағы қаскөйді тауып, қамауға алды. Егер ер адамның қылмысы дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!