Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) барлық елден келетін вакцина алған азаматтар үшін туристік визаларды қайта бере бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Сәйкестендіру және азаматтық мәселелер жөніндегі федералды басқарма (ICA) және төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі ұлттық басқарма (NCEMA) 30 тамыздан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мақұлдаған COVID-19 вакциналарының бірімен толық вакцина алған жағдайда барлық елден келген адамдар үшін туристік визаларға өтінімдер ашылатынын мәлімдеді. Ал қазақстандықтар Әмірліктерде 30 күннен астам мерзімге тұруды жоспарласа, оларға виза қажет болады.
Туристік визамен келген жолаушылар әуежайда міндетті түрде ПТР экспресс-тестінен өтуі тиіс. Екпе салдырмаған адамдарға арналған алдыңғы ережелер, оның ішінде алынып тасталған талаптар күшінде қалады.
Қазіргі уақытта ДДҰ AstraZeneca, Johnson & Johnson, Moderna, Pfizer-BioNTech, Sinopharm және Sinovac-ты мақұлдады. Бұл вакциналардың ішінде қазақстандықтарға тек қытайлық Sinopharm ғана қол жетімді, оның алғашқы дозасы 10 тамызда жеткізілді.
Біріккен Араб Әмірліктеріне кіру үшін қазақстандықтардың жарамдылық мерзімі алты айдан кем емес, сондай-ақ Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) талаптарына сәйкес келетін төлқұжаты болуы тиіс.
БАӘ-ге виза рәсімдеу үшін қазақстандықтар келесі құжаттарды ұсынуы керек:
Сканерленген төлқұжат (түрлі-түсті);
Елде қанша уақыт қалсаңыз, сол аралыққа қауіпсіздігіңіз үшін және ақшаңызды үнемдеу үшін сақтандыру полисі (визалық қолдау орталығында ресімделеді).
Визаның мерзімі мен құны туралы мына жерден біле аласыз.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!