БАӘ-де ұшқыш қонақүйдің шатырына ұшақты қондырды

Red Bull Air Race ұшқышы тікұшақ қонуға арналған БАӘ-дегі ең керемет қонақүйлердің бірі - Дубайдағы Burj Al Arab шатырына жеңілмоторлы ұшақты қондырды. Бұл туралы әуе кемесін өндіруші Cub Crafters компаниясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Carbon Cub моделіндегі ұшақты тізгіндеген 39 жастағы Люк Чепеле диаметрі 23,8 метр болатын аумаққа ұшақ қондырды. Осы трюкті іске асыру үшін ұшақтың салмағы 425 келіге төмендетілген, тартылыс күші өзгерген, тежегішті қатты әрі мықты еткен.

Жаттығы кезінде ұшқыш 650 рет жерге қонып көрген. Шағын ғана жерге тікұшақты қондыру бірден бола қоймаған. Чепеланың айтуынша, ұшу жолын қалай түзетуге болатынын көрсететін сыртқы белгілердің болмауы қиындық туғызған.

"Бұл жағдайда мен өз тәжірибем мен түйсігіме сүйенуім керек еді, өйткені мен қонатын аймақтың шекарасын көре алмадым", - дейді Чепела.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!