БАӘ-де Дубай мен Шарджа арасында күнделікті катамаран қатынайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

4 тамыздан бастап Дубай мен Шарджа әмірліктері арасында катамарандар күнделікті қатынайтын болады. Бұл әмірліктер арасындағы теңіз көлігінің алғашқы тұрақты желісі болмақ. Мұндай ақпарат Дубайдың Жол мен көлік басқармасының (RTA) сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

4 тамыздан бастап Дубай мен Шарджа әмірліктері арасында катамарандар күнделікті қатынайтын болады. Бұл әмірліктер арасындағы теңіз көлігінің алғашқы тұрақты желісі болмақ. Мұндай ақпарат Дубайдың Жол мен көлік басқармасының (RTA) сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Теңіз көліктерінің қызметі дүйсенбіден бейсенбіге дейін күніне сегіз рейс жасайды, ал жұмадан жексенбіге дейін алты рейс жүреді. Al Ghubaiba мен Sharjah Aquarium станциялары арасындағы жолға кететін уақыт 35 минутты құрамақ.

Бір бағытқа билет құны 15 дирхам (1 817 теңгедей) болады, бұл "күміс" санатындағы орын, ал "алтын" санатындағы орын 25 дирхам (3 030 теңгедей).

Су арқылы байланыстың болуы - екі әмірлік арасындағы мобилділікті арттыруға бағытталған. Бұл жұмысты әмірліктердің үкіметі біріге атқарып отыр.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная