Біріккен Араб Әмірліктерінде үрейіңді алатын жаңа аттракцион ашылады. Jais Sledder деп аталады жаңа көңіл көтеру орталығы БАӘ-ның ең биік тауы Джебель-Джайс аумағында салынған.
Рас-аль-Хайманың туризмді дамыту басқармасының өкілдерінің айтуынша жаңа аттракцион 16 ақпаннан бастап туристер үшін ашылады. "Бұл аттракцион үнемі адреналин іздеп тұратындар үшін таптырмас жер. Жүгеніңізді алып ең биік шыңға аттаныңыз", - дейді жаңа кешеннің өкілдері.
Қатты жылдамдықпен зулайтын бұл аттракцион әлемдегі бірінші әрі өңірдегі ең ұзын (1885 метр) әткеншек болмақ. Ол Хаджар жотасымен төмен қарай құлдилап, сағатына 40 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүреді. Айта кетерлігі осы аймақтағы көріністің өзі көздің жауын алады. Туристердің қауіпсіздігі бірінші кезекте қамтамасыз етіледі, әрбір туристе тежегішті басу мүмкіндігі бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram