Әзербайжандағы тау шаңғысы курорттары жайлы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сіз осы қыста Әзербайжанға шаңғы курорттарына бара аласыз: тікелей рейспен Бакуге жетіп, мамық қарға аунап, виза қажет етпейтін, әрі тілдік тосқауылы жоқ жаңа елдің мәдениетімен танысасыз. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Әзербайжандағы тау шаңғысы курорттары жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Сіз осы қыста Әзербайжанға шаңғы курорттарына бара аласыз: тікелей рейспен Бакуге жетіп, мамық қарға аунап, виза қажет етпейтін, әрі тілдік тосқауылы жоқ жаңа елдің мәдениетімен танысасыз. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Әзербайжандағы тау шаңғысы курорттары жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

Қазір Әзербайжанда екі үлкен тау шаңғысы курорттары бар, Шахдаг және Туфандаг. Шаңғы курорттарында алғашқы аяз қазанда түседі, сондықтан қараша айының аяғынан бастап Шахдагта шаңғы маусымы ашылды, Туфандагта желтоқсанда ашылады. Қыс мезгіліндегі орташа температура -13-тен -20 градусқа дейін. Сонымен қатар, сізге ғажайып қыстың әсем көріністері ұсынылады: ормандар, мұздықтар мен таулар, сарқырамалар мен шатқалдар.

Әзербайжанға аптасына 11 рейс орындалады: Алматы - Баку - аптасына үш рет (Air Astana), Ақтау - Баку - аптасына алты рет (Fly Arystan; AZAL), Ақтөбе - Баку - аптасына екі рет (Qazaq Air).

Шахдаг - Кавказ тауларының ортасында Әзербайжандағы алғашқы және ең үлкен тау шаңғысы курорты. Оған Бакуден екі сағатта жетуге болады. Алдымен Гусар қаласына дейін 215 шақырым, содан кейін таксимен немесе маршруттық автобуспен курорттың өзіне жарты сағат жүресіз.

Көбісі бұл жерде саф таза ауа және климатының емдік қасиеті бар деп санайды. Жазда велосипед, пейнтбол, треккинг, сырғанақпен және парапланмен сырғанау үшін келетін туристердің саны көп. Ал қыста шаңғымен сырғанаудан басқа мұнда сноуборд тебуге, сноубордпен трамплиннен секіруге, ит жегіп серуендеуге болады.

Шаңғы курортында 12 шаңғы көтергіші, шаңғы және сноубордтарды жалға беру қызметтері бар. Тау етегінде, төменде әр талғам мен қалтаға сай 20-ға жуық мейрамхана және үштен бес жұлдызға дейінгі бес қонақүй орналасқан. Аумақта фельдшерлік-акушерлік пункт, шаңғышылар мектебі, балалар алаңы және үлкен автотұрақ бар.

Шахдагтың инфрақұрылымы өте ыңғайлы және заманауи. Алғашқы кабельдік автомобиль мен тас жол 2011 жылы ашылды. Қазір 14 трек бар, олардың ең ұзыны шамамен 1800 метр, жолдардың жалпы ұзындығы 17 шақырым. Олардың ішінде бес жасыл, бес көк, төрт қызыл жол және фристайлға арналған екі аймақ бар. Жолдар жасанды қармен өңделіп отырады, бұл сырғанау маусымын ұзартуға мүмкіндік береді. Курортта тәжірибелі нұсқаушылар жұмыс істейді. Жол схемаларын мына жерден көруге болады.

Шаңғы асуы мен жалға беру бағасы: шаңғы асуы - 25 манат, шаңғыны жалға алу (жиынтық - шаңғы, сырық, аяқ киім) - 20 манат, сноубордты жалға беру - 25 манат, етік - 10-нан 15-ке дейін, нұсқаушымен жеке сабақ (2 сағат) - 50 манат, маусымға арналған шаңғы асуы - 390 манат, үлкен асулы жол билеті - 5 манат, қалғанына - 3 манат. Қазір бір манаттың құны шамамен 270 теңгені құрайды. Бес жұлдыз деңгейіндегі қонақүйде тұрудың орташа бағасы бір бөлмеге 70 долларды құрайды. Одан төмен деңгейлі қонақүйлерде баға тәулігіне 35 доллар.

Туфандаг немесе Туфан, Әзербайжандағы тағы бір танымал тау шаңғысы курорты. Оның ресми сайтында бір күнде 3 мыңға жуық адамды қабылдай алатыны жазылған. Кешеннің құрылғанына сегіз жыл болды. Ол Әзербайжанның Габалы қаласының жанында орналасқан.

Мұндағы инфрақұрылым өте жақсы дамыған, дәмханалар мен мейрамханалар, қонақүйлер, дүкендер және жабдықтарды жалға беру пункттері бар. Мұнда сіз конькимен сырғанап, балаңыздың демалысын да керемет ұйымдастыра аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tufandag Mountain Resort (@tufandagskiresort)

Туфандаг трассасы туристерді қуантпай қоймайды, өйткені олар қауіпсіздік талаптарына жауап береді. Мұндағы таулардың биіктігі теңіз деңгейінен 965-1920 метр. Курортта төрт аспалы жол және жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын он шаңғы трассасы бар. Барлық тректер деңгейі бойынша ерекшеленеді: көк, қызыл және қара. Бағыт карталарын осы жерден көруге болады.

Шаңғы асуы және жалға алу бағасы: шаңғы билеті - 15 манат, шаңғыны жалға алу (жиынтық - шаңғы, сырық, етік) - 15 манат, етікпен бірге сноубордты жалға алу - 15 манат, шаңғы киімі (шлем, көзілдірік, күрте, шалбар, қолғап) - 15 манат, нұсқаушымен жеке сабақ - 40 манат. Барлық бағалар бір адамға бір тәулікке есептелген. Бірнеше күнге жазылу да бар. Күндер санына байланысты жазылым бағасы төмендеуі мүмкін.

Сондай-ақ, туристерге жазда Базардюзю тауына шығып, Габалы қаласының көрікті жерлерін аралау ұсынылады: қазба жұмыстары, қала тарихының мұражайы, әйгілі Габалы қақпасының қирандылары, көне қыш су құбырының сынықтары. Сонымен қатар, Туфан тауының маңында көркем көлдер бар. Аңыз бойынша, олардың бірінде Нұхтың кемесінің сынығы қалыпты-мыс. Сәл әрірек, курорттан 30 шақырым жерде шарап зауыты бар - туристерге ол жерден арзан бағамен шарап сатып алуға болады.

Aviata.kz - Әзербайжанға үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная