Әзербайжан Таулы Қарабаққа баратын жалғыз жолға бақылау-өткізу бекетін орнатты

Әзербайжан Арменияны даулы Таулы Қарабақ аймағымен байланыстыратын жалғыз жолға бақылау-өткізу бекетін орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Жолға кіре берісте шекара бекеті орнатылғанын Мемлекеттік шекара қызметі мәлімдеді. Мәлімдемеде бұл шешім қару-жарақ пен миналарды заңсыз тасымалдауды алдын алу үшін құрылғаны айтылған.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Армения бұл жолды армия қызметкерлерін ротациялау, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді беру, лаңкестердің кіргізу, сондай-ақ табиғи ресурстар мен мәдени құндылықтардың заңсыз айналымы үшін пайдаланды деп айыптады.

Ал Армения бақылау-өткізу пункті арқылы 2020 жылы бекітілген атысты тоқтату келісімін өрескел бұзу деп айыптады.

"Біз Ресей Федерациясын үшжақты мәлімдемені орындауға шақырамыз", - деді Армения Сыртқы істер министрлігі.

АҚШ Әзербайжан қойған бақылау-өткізу пунктіне қатысты алаңдаушылық білдірді. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл қадам "бейбітшілік үдерісіне деген сенімді нығайтуға бағытталған күш-жігерге нұқсан келтіреді" деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!