"Айыппұл 18 млн теңге". Курорттардағы таңғаларлық үш заң аталды

Турист ойланбастан чемоданына салатын және демалыста кәдімгідей жасайтын ең қарапайым нәрселер кейбір елдерде үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін. Ұлыбританиялық Dailymail басылымы курорттардағы таңғаларлық үш заңды ұсынды. Оны бұзған туристерге 18 млн теңгеге дейін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

Олардың қатарында шипажайлардағы табиғи нәрселер, дөңгелегі бар чемодандар, ашық киім бар. Тізім мынадай:

  • Пластикалық пакеттерге тыйым салу. Полиэтилен пакетке заттарды "автоматты түрде" орап алған турист Кенияға демалуға барса, үлкен қауіпке ұшырайды. Онда пластиктің болуы құқық бұзушылық болып саналады және үлкен айыппұлға немесе тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін. Үкімет полиэтилен пакеттерін сатуға және пайдалануға тыйым салатын тиісті заңды 2017 жылы қабылдаған болатын. Бұл үшін 40 мың АҚШ долларына дейін (шамамен 18 млн теңге) айыппұл төлеп, тіпті төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
  • Дөңгелегі бар чемодандарға, дәлірек айтқанда, олар шығаратын шуға тыйым салу. Оны Хорватияның өте танымал Дубровник курорты енгізді. Мемлекет туристерге көбінесе тас төселген ескі кварталдың айналасында чемодандарды сүйреуден бас тартып, оларды тұтқасынан ұстап жүруге шақырады. Бұл - шу деңгейін реттеу үшін биыл қала мэрі Мато Франкович жариялаған жаңа шаралардың бір бөлігі. Қызықты деталь - бастапқыда туристерге 265 еуро (шамамен 131 мың теңге) айыппұл салынады деп қорқытты, бірақ кейінірек қала билігі одан әрі науқан (шуды реттеу туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған" және қаржылай айыппұлдар жоқ деп түсіндірді.
  • Бикиниге тыйым салу. Бір қызығы, бұл ең "жағажай" аралдарға - Мальдивтерге қатысты тыйым. Рас, біз тек Мальдив аралдарының тұрғындары қоныстанған аралдары туралы айтып отырмыз, яғни жергілікті халық тұратын жерлерде "әдепсіз әсер етуге" тыйым салатын заңдар бар және полиция шара қолдана алады. Маафуши және Фулидху сияқты кейбір елді мекендерде туристер жағажай киімдерін киюге болатын арнайы "бикини жағажайлары" бар. Алайда туристер негізінен жергілікті халық жоқ жерлерде демалады, бұл заңдар ол жерлерде жұмыс істемейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!