Әйгілі әуекомпания артық салмағы бар бортсеріктерді жұмыстан шығарды

Hainan Airlines компаниясы "стандартты шектен" 10 пайыз асып кеткен бортсеріктерді бірден ұшудан шеттейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап.

Мұндай ережені қытайлық компания маусым айында енгізіпті. Мұндай авиациялық салада бұрын-соңды болған емес. Басышлық ережесі бойынша, борсеріктердің салмағын өлшеу мына формуламен жасалады: "бойы (см) - 110 = стандарт салмақ (кг)". Бұл көрсеткіштен 10 пайыз асып кеткен ботсеріктер салмағын түсіргенше ұшудан шеттеледі.

Hainan Airlines өкілдері бұл әуекомпаниясының иммиджі үшін жасалып жатқанын түсіндірді.

"Компания сырт әлем үшін Қытайдың көрсеткіші", - депті олар.

Құқықтық мәселелер бойынша сарапшының сөзінше, мұндай талап қажетті заңдық процедураларсыз артық міндет жүктеу болып саналады, демек мұның заңдылығы күмән тудырады.

Бортсеріктер басқармасында көптен бері қызмет етіп келе жатқан Хуанг атты маман реттеуші органдар алдымен қауіпсіздікке назар салу керек дегенді алға тартады.

"Егер компания артық салмағы бар бортсеріктерді тек эстетикалық талап үшін ғана дұрыс жұмыс істеткізбесе, бұл кемсіту саналады", - дейді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!