Америкалық зейнеткер әлемді үш жыл бойы шарлайтын круизге баруды армандап, тур сатып алды. Ол үшін үйін сатты. Алайда круиз орындалмайтын болды. Бұл туралы Daily Star басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ыстамбұлдан шығып, үш жылда 135 елге сапар шегуі тиіс MV Gemini круиздік кемесімен әлем бойынша алғашқы үш жылдық саяхат болуы керек еді.
Флоридалық (АҚШ) зейнеткер өткен қыста кеменің жетінші қабатындағы балконы бар ең сәнді пәтерлердің біріне тапсырыс берді. Ол круиз кезінде жаңа дос тауып, саяхат оған әлеуметтік орталыққа айналады деп үміттенген. Тур оған 29,9 мың долларға (қазіргі бағам бойынша 13,7 млн теңге) түсті және бұл оның жылжымайтын мүлкін сатудан түскен ақшаның жартысы.
Круиз компаниясының иесі Ведат Угурлу туристерден кешірім сұрап, күрделі саяси жағдайға байланысты жүзудің келесі жылға шегерілгенін хабарлады. Бұл шешім ақшасын армандаған сапарға салғандар үшін қаржылай қиындықтар туғызды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!