Әйел бес жасар қызын акуладан құтқарамын деп қайтыс болды

Мексикада 26 жастағы Мария Фернандес Мартинес Хименес бес жасар қызын акуладан құтқарамын деп қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Акула қызға шабуыл жасамақ болған сәтте әйел суда болған. Жағадан 22 метр жерде анасы баласын суда жүзетін ойын платформасының үстіне шығарып, өзі оған мініп үлгермеген.

Әйелге көмекке құтқарушылар асыққан, алайда оған дейін акула оның аяғын тістеп жұлып алған. Оны жағаға алып шыққан, алайда аман алып қала алмаған. Мария көп қан жолғалту салдарынан қайтыс болды.

Осы бір аймақта жүзуден жарыс өткені де айтылады. Оқиғадан кейін жағажай демалушылар үшін жабылды. Мамандар акуланың қай түрі шабуылдағанын әзірге анықтаған жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!