Әйел адам үрмелі матраспен көлде екі күн жүзген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

АҚШ-тың Оклахома штатындағы Тексома көлінде әйел адам үрмелі матраспен екі күн бойы жүзіп жүрген. Ол кездейсоқ аман қалған, - деп хабарлайды NBC News.

Басылым мәліметінше, аты аталмаған америкалық әйелді пойыз машинисті көріп қалған. Экипаж пойызды тоқтатып диспетчерге хабарласып, жедел құтқару тобын жіберуді өтінген. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Оклахома штатындағы Тексома көлінде әйел адам үрмелі матраспен екі күн бойы жүзіп жүрген. Ол кездейсоқ аман қалған, - деп хабарлайды NBC News.

Басылым мәліметінше, аты аталмаған америкалық әйелді пойыз машинисті көріп қалған. Экипаж пойызды тоқтатып диспетчерге хабарласып, жедел құтқару тобын жіберуді өтінген. 

BNSF Railway теміржол компаниясының өкілі Лена Кенттің айтуынша, әйел адам - 15 градуста екі күн бойы жүзген, сол себепті оның аман қалуы таңғажайып оқиға болған. Куәгерлердің айтуынша, әйелді тапқан кезде оның жағдайы ауыр болған - ол қатты суықтап қалған және екі қолы да жараланған. 

Әйел адам бір ер адаммен бір қайықтан екіншісіне отыру үшін үрмелі матрасқа отырып мінбек болған кезде, ағыс алып кеткен. Айта кетейік, Тексома көлі АҚШ-тағы ірі көлдердің бірі.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная