Аустралияда көлік ұшаққа соқтығысты

Сидней әуежайында қызметтік көлік Jetstar әуекомпаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағына соқтығысты, соның салдарынан лайнердің қозғалтқышы орналасқан гандла қатты бүлінген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі AviationSource News басылымына сілтеме жасап.

Оқиға таңғы 5:30-да болған, әуежай қызметшілері әуекемесін терминал гейтіне сүйреп бара жатқан. Жеңіл көліктің кабинасы ұшақтың оң жақ қозғалтқышының астында қысылып қалған. Көлік жүргізушісі жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға болған кезде Jetstar компаниясының Airbus ұшағының бортында ешкім болмаған. VH-VGJ ұшағы қатты бүлініп, ұшуға жарамай қалған. Әуекомпания жоспарланған Сидней - Аделаида рейсін алып тастауға мәжбүр болған.

Жолаушылар кейін ұшатын рейстерге отырғызылған. Осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!