Аустралияның Кгари аралында Динго иті германиялық туристің аяғын қауып алып, оны көлігіне дейін қуып барған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, аралға барған германиялық басқа туристермен бірге демалып жүрген. Туристер тобы судың тереңдігін тексеру үшін бұлақтың қасында тоқтаған кезде алдарынан жабайы аң шыға келген. болған.
Динго иті германиялық азаматқа шабуыл жасап, балтырын қауып алады. Жабайы жануардан қашып құтылмақ болған турист жақын жерде тұрған көліктің үстіне бір-ақ шығып кеткен. Көп ұзамай топтың қалған мүшелері оған көмекке келді.
Жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Енді аңшылар оған шабуыл жасаған Динго итін іздестіріп жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!