Әуекомпания бір жасар баланы қателесіп, ата-анасынан бөлек басқа рейске отырғызған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © pixabay/Victoria_Art Иллюстрация © pixabay/Victoria_Art

Qantas әуекомпаниясы бір жасар баланы қателесіп, ата-анасынан бөлек басқа рейске отырғызбақ болған. Соның салдарынан отбасы 20 сағат әуежайда сандалған, - деп хабарлайды Daily Mail.


Иконка комментария блок соц сети

Qantas әуекомпаниясы бір жасар баланы қателесіп, ата-анасынан бөлек басқа рейске отырғызбақ болған. Соның салдарынан отбасы 20 сағат әуежайда сандалған, - деп хабарлайды Daily Mail.

Басылым мәліметінше, Стефани мен Эндрю Брэм 13 айлық қызымен Еуропадағы саяхаттан Аустралияға қайтпақ болған. 

Қайтатын кезде тасымалдаушы компания әуебилеттерді брондауға өзгерістер енгізіп, бір жасар қызды ата-анасынан бөлек ұшырмақ болған. Туристердің айтуынша, олар билеттерді ауыстыру үшін бір күн ішінде Qantas қолдау орталығына 55 рет хабарласқан. 

Нәтижесінде әуекомпания басқа рейске билет алып берген, алайда ол тек 12 күннен кейін ұшады. Қазіргі уақытта саяхатшылар Римде қалуға мәжбүр. 

Кейінірек Qantas өкілдері отбасыдан кешірім сұрап, Еуропада тұрған күндері үшін өтемақы төлеуге уәде берген. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная