Әуекомпания 100 ұшақтан тұратын аэротакси паркін салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

VX4 eVOTL ұшағы ©Vertical aerospace VX4 eVOTL ұшағы ©Vertical aerospace

AirAsia Оңтүстік-Шығыс Азияда қысқа рейстерді орындау үшін тік ұшып, қонатын 100-ге жуық ұшақты жалға алуды жоспарлап отыр. Рейстер үшін V4 eVO TL ұшақтары пайдаланылады, онда ұшқыш пен төрт жолаушы орналасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Weekly сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

AirAsia Оңтүстік-Шығыс Азияда қысқа рейстерді орындау үшін тік ұшып, қонатын 100-ге жуық ұшақты жалға алуды жоспарлап отыр. Рейстер үшін V4 eVO TL ұшақтары пайдаланылады, онда ұшқыш пен төрт жолаушы орналасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Weekly сайтына сілтеме жасап.

Әуе кемесінің сипаттамаларына сүйенсек, аэротакси шамамен 160 шақырым қашықтыққа ұшуға арналған. Ұшақтарды Avalon лизинг компаниясы жеткізеді. Ол өткен жазда жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 500 ұшаққа тапсырыс берді. Бағдарламаға Оңтүстік Америкада Japan Airlines және Gol әуекомпаниялары да қатысады.

Фото: avolon.aero

Avalon аэротаксиді іске қосумен қатар, AirAsia-мен vtol ұшақтарын "коммерцияландыру" және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қалалық әуе ұтқырлығы платформасын әзірлеу үшін ынтымақтасуға ниетті. Екі компания жергілікті сертификаттауды жүргізу, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктері мен инфрақұрылымға қойылатын талаптарды зерттеу үшін жұмыс тобын құрады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная