Франкфурт әуежайында Lufthansa әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы азық-түлік таситын жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
AeroTelegraph порталының мәліметінше, оқиға 13 қаңтарда болған. Ұшақ келесі рейске дайындалып жатқанда азық-түлік тасыған жүк көлігі бар жылдамдығымен Airbus A321 лайнеріне соққан. Соққының қатты болғаны соншалық фургон ұшақтың фюзеляжін тесіп, корпусына барып қадалған.
Қуанышқа орай, апат кезінде ұшақта жолаушылар болмаған. Ешкім зардап шекпесе де, Lufthansa ұшақты қолданыстан уақытша алып тастады. Компания өкілдерінің сөзінше, механикалық зақым мен жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау үшін ұшақ толық тексеріледі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!