Әуежайда апат люгі ашылған оқиғаға қатысты видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Шереметьево әуежайында Мәскеуден Анталияға ұшатын әуе кемесіндегі апат люгінің ашылуына қатысты видео пайда болды. Кадрлар Telegram желісінде жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шереметьево әуежайында Мәскеуден Анталияға ұшатын әуе кемесіндегі апат люгінің ашылуына қатысты видео пайда болды. Кадрлар Telegram желісінде жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Видеода ұшақтың қосалқы есігі ашылғаннан кейін әуе кемесінің құтқару трабының қалай іске қосылғаны көрінеді.

Айта кетейік, кеше Шереметьевода Мәскеу-Анталия рейсінің жолаушысы салондағы аптапқа шыдамай, ұшақтың апат люгін ашқанын жаздық. Видеоны мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Рейс екі сағатқа кешіктірілді, ал ұшақтағы ауа баптау жүйесі жұмыс істемеді. Куәгерлердің айтуынша, кейбір жолаушы есінен танып қалды. Борттағы ер адам күтуден шаршап, төтенше жағдайға арналған люкті ашқан. Ал ұшақ жүйесі автомат түрде үрмелі трапты іске қосқан. Нәтижесінде әуекомпания ұшу уақытын және ұшақты ауыстыруға мәжбүр болады.

Куәгердің айтуынша, борттағы қалған жолаушылар апат люгін кім ашқанын көрді, бірақ олар ер адамды қолдаған. Нәтижесінде ол да келесі рейспен Түркияға ұшқан.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная