Әуежай қызметкері ұшақтың жүк бөлігін видеоға түсіріп, желіде танымал болды

Мамандығы туралы роликтердің арқасында желіде танымал болған әуежай қызметкері ұшаққа жүк тиеу сәтін видеоға түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ол видеоны Tik Tok желісінде жариялады және 1,5 миллионнан аса лайк жинады.

Ер адам видеода жолаушылардың жүгі ұшаққа қалай тиелетінін көрсетті. Кадрларда қызметкердің әуе кемесінің жүк бөлігінде екені көрінеді. Чемодандар конвейер таспасына келеді. Роликтің авторы оларды бір-біріне мықтап жақтап, тізіп жинайды.

"Ұшақтың ішіндегі 100 чемодан осылай көрінеді", - деп жазды автор.

Оқырмандар оны нағыз маман деп атап, қызметіне тәнті болды.

@djsugue

Stacking bags 101 ?? #fyp #foryou #airport #yvr #rampagent #737max #737 #baggage #travel #travelling #vancouver #fun #atwork #fypシ #boeing

♬ sonido original - Valentino

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!