Испанияға ұшып бара жатқан American Airlines әуекомпаниясы жолаушылар ұшағының алдыңғы әйнегі сынып кеткен. Салдарынан лайнер Массачусетс штатына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Рейс Нью-Йорктен сағат 19:28-де ұшып шыққан көрінеді. Алайда екі сағаттан кейін әуекемесінің капитаны екінші деңгейлі дабылды жариялады. Бұл дабыл лайнердің үлкен қиындыққа тап болғанын білдіреді.
Дәл сол сәтте ұшақ Атлант мұхитының үстінен ұшып бара жатқан екен. Қуанышқа орай лайнер сағат 22:14-те қауіпсіз жерге қонды. Кейін борт бірден тексеруге жіберілді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!