Әуеге көтерілген Boeing 737 MAX ұшағының есігі не себепті жұлынып кеткені анықталды

Аспанда есігі жұлынып кеткен Alaska Airlines әуекомпаниясының ұшағы әуел баста зауыттан қажетті болттарсыз шығарылған екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мәлімдемеге сәйкес ұшақ конвейерден шығарылар кезде Boeing қызметкерлері оны құрастыру барысында болттарды орнатуды ұмытып кеткен болуы мүмкін. Сарапшылар атап өткендей, лайнердің есігі нормаға сәйкес таңбаланбаған.

Ұлттық көлік қауіпсіздігі комитеті есіктің металына талдау жүргізген. Дәл осы сараптама есікке тиісті болттардың іс жүзінде орнатылғанын растауы керек.

NBC News хабарлауынша, осы оқиғадан кейін Alaska Airlines басшысы Бен Миникуччи Boeing 737 Max 9 ұшақтарының басым бөлігінде есік болттары дұрыс орнатылмағанын атап өткен.

Айта кетейік, 5 қаңтарда Alaska Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағы бес шақырым биіктікке көтерілген кезде апаттық шығу есігі жұлынып кеткен болатын. Салдарынан АҚШ-та ондаған Boeing 737 MAX лайнерлерінің қызметі тоқтатылды

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!