Оңтүстікамерикалық LATAM Airlines әуекомпаниясының ұшағының әуеде қозғалтқышы істен шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі AviationSource News басылымына сілтеме жасап.
21 қаңтарда Майамиден Лимаға ұшқан LATAM Airlines әуекомпаниясының лайнері қозғалтқыштағы ақауға байланысты діттеген бағытына жете алмай, Перудің Чиклайо әуежайына қонуға мәжбүр болған.
#INCIDENT | A LATAM Airlines Chile B767-300 bound for Miami from Lima made a diversion to Chiclayo, Peru after crew experienced an engine issue inflight.
— AviationSource (@AvSourceNews) January 23, 2024
Read more at AviationSource!https://t.co/oKacKj7UG6#LATAM #Chile #Miami #Lima #AvGeek pic.twitter.com/uW9jrVbdV7
Ұшақ ешқандай қиындықсыз әуежайға қонды. Әуекемесін апаттық жағдайда әрекет ету қызметі күтіп алды. Ұшақ жерге қонғаннан кейін жолаушыларды кем дегенде төрт сағаттай уақыт борттан шығармай қойған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!