Атақты аралдан туристерді шұғыл эвакуациялай бастады

Жүздеген турист пен жергілікті тұрғындар атақты грек аралы - Лесбос курортынан эвакуациялауға мәжбүр болды. Грекияны басып озған "жылу толқыны" оның курорттарына орман өрттерін алып келді. Олар курорттық аймақтарға тез жетіп, туристерге қауіп төндіре бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, сенбі кешке үлкен орман өрті Ватера жағажай курортына жақындады. Ғимараттардан бірнеше метр қашықтықта жалын шықты, туристер мен тұрғындар қашуға мәжбүр болды. Ватера мэриясы профилактикалық эвакуацияны өткізуді бұйырды. 450 адам екі қонақүйден және жүзге жуық үйден шығарылды, тоғыз адам тікелей жағажайдан, оның ішінде шетелдік бес азамат эвакуацияланды.

Жалын екі үйді қиратты. Құрбандар туралы әлі хабарланған жоқ. Өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілді, өрт сөндіру жалғасып жатыр.

 Грекияда тек сенбі күні елдің әртүрлі аймағында 53 өрт тіркелді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!