Астанада Франция президентінің кортежі видеоға түсірілді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті. Мәртебелі мейманның Астана көшелеріндегі кортежі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Qumash Telegram-арнасында Мәңгілік Ел даңғылы бойымен өтіп бара жатқан кортеждің видеосы пайда болды.

Франция президенті Ақордаға сағат 11:14-те келді.

Эмманюэль Макрон Mercedes-Maybach лимузинімен келді.

Франция президентінің көлігіне бес Mercedes Gelandewagen көлігі ілесіп жүргені көрінеді.

Еске сала кетейік, Франция басшысы Қазақстанда ресми сапармен жүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!