Ашуға булыққан жолаушы стюардессаны талдырып тастаған

Майами - Нью-Йорк рейсінде "есі дұрыс емес" жолаушы бортсерікке шабуыл жасап, соның салдарынан әуе саласының маманы есінен танып қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Messenger басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, экипаж мүшелері ұшақ бортына кірген ер адамнан ұшу алаңына қайта баруын өтінген. Осы кезде ашуға булыққан ер адам стюардессалардың біріне тап беріп, талдырып тастаған.

"Біз есі дұрыс емес адамды шығармақ болдық, ол ашуланып бортсерікті ұрып жіберді. Соның салдарынан стюардесса есінен танып қалды. Бұл қиын жағдай. Қазір ол еденде жатыр", - деді ұшқыш дыбыс зорайтқыш арқылы. Ол сондай-ақ барлық жолаушыларды гейтке қайта оралуын сұраған.

Қаскөйді құқық қорғау органдарының қызметкерлері алып кеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!