Әсел Сәдуақасова Дубайға көшіп кетті

Актриса Әсел Сәдуақасова Дубайға уақытша көшкенін айтты. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

"Мағжан екеуіміз көктемде, Балиде тұрғанымызда шешім қабылдадық. Біз күзде біраз уақыт Дубайда тұрамыз деп шештік. Міне, сол сәт те жетті. Бақыттымын. Күйеуімнің келгенін күтіп, өз үйімізді дайындап жатырмын", - деп жазды ол.

Ол сонымен бірге Дубайда жалдаған үйінен румтур көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында тойдан кейін болған сұмдық жайт жайлы айтқан еді.