19 сәуірден бастап Тунистің Туризм министрлігі демалысын туроператорлар ұйымдастырған саяхатшылардың елге келу тәртібін жеңілдетті, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.
Енді туристерге ұшудан 3 күн бұрын жасалған теріс ПТР-тест қажет. Вакцина салдырған туристер үшін де ПТР-тест тапсыру міндет. Бірақ келгеннен кейін бес күндік оқшаулау жойылды.
Жаңашылдық ваучері бар ұйымдасқан туристерге қатысты болып отыр. Сондай-ақ тек чартерлер үшін емес, тұрақты рейстер үшін де қолданылады.