"Әрең қашып үлгердік": Желіде борттағы өрт кадрлары пайда болды

Таиландта паромдағы жолаушылар ірі өрттен құтылу үшін теңізге секірді. Кеме өртенген кезде оның бортында 100-ден аса адам болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ko Jaroen 2 бортында 108 адам, оның ішінде 97 жолаушы болған, деп хабарлайды Independent. Олардың барлығы қазір қауіпсіз жерде.

Сурат Тхани провинциясынан шыққан паром әйгілі Ко Тао туристік аралына бара жатқанда болған. Оқиға туралы жолаушылардың бірі хабарлаған. Сондай-ақ, ол түтіннің иісін сезгенін айтқан. Бес минуттың ішінде жалын бүкіл паромды шарпыған.

Лайнердегі жолаушылар үрейленіп, теңізге секіре бастаған. Жолаушылардың бірі - Майтри Промджампа оқиғаны былай сипаттады:

"Әрең дегенде құтқару кеудешелерін алып, қашып үлгердік. Дүрбелең болды. Адамдар жылап жатты... Мен де жыладым", - деді ол.

Оқиға бейсенбі, 4 сәуірде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Кеме бортында 97 жолаушы мен 11 экипаж мүшесі болған. Ko Jaroen 2 сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00 шамасында Сурат Тхани шығып, Ко Таоға бет алған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!