Аптап ыстықтан Еуропаның ең атақты туристік орындары жабылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com/NoName_13 pixabay.com/NoName_13

Еуропадағы аптап ыстықтан әйгілі туристтік орындар жабылып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропадағы аптап ыстықтан әйгілі туристтік орындар жабылып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Жылына миллиондаған турист баратын Парфенон ғибадатханасы орналасқан Афиныдағы Акрополь түстен бастап кешкі беске дейін жабық болады екен. Ауа райы болжамы бойынша Афиныдағы аптап ыстық + 41 градусқа дейін барады. Оның үстіне Акрополь ашық жерде орналасқан, онда күннен тығылып, сая қылатын көлеңкелі орын да таба алмайсың. Сондықтан мұндай шектеу амалдың жоғынан салынып отыр.

Италияда да ауаның ыстығы 45 градусқа дейін баратыны айтылды. Мұнда қазірдің өзінде Колизейге кіре алмайсыз. Сонымен қоса, Испания, Франция, Германия мен Польшада да аптап ыстық күтіледі. Бұл елдердегі ауаның ысуы Еуропа рекорды - Цельси бойынша 48,8 градустан асып түсуі мүмкін. Соңғы рет мұндай ыстық 2021 жылы Сициляда тіркелген еді.

Ал Испанияда демалушыларға жағажайдан қашу керек болатыны айтылды, өйткені құмның қызуы 60 градусқа дейін барады екен, ал ауа температурасы +48. Әзірге мұндай ауа райы тек елдің батысындағы теңізбен шектеспейтін Эстремадура аумағында ғана тіркеліп отыр. Дегенмен турситерге барынша жағажайдан алыс болу керегі ескертіліп жатыр.

Еске салайық, Еуропадағы аптап ыстықтың себебі "Цербер" антициклоны болып отыр. Ыстық ауа ағымдары Еуропаға Сахарадан барады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная